HdQaz Legal
HDQAZ — Зияткерлік меншік және Авторлық құқық саясаты (DMCA)
Соңғы жаңартылған күні: 16 мамыр 2026 жыл
Effective Date: May 16, 2026
Version: 1.0
Jurisdiction: Republic of Kazakhstan
1. Жалпы ережелер және Платформаның мәртебесі
1.1. HdQaz.online интернет-ресурсы (бұдан әрі — «Платформа») өзін ақпараттық делдал (технологиялық платформа) ретінде көрсетеді. Платформаның негізгі мақсаты — қазақ тіліндегі фан-дубляж, субтитрлер және локализация өнерін дамыту, сондай-ақ интернет пайдаланушыларына бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік беру.
1.2. Платформа Әкімшілігі зияткерлік меншік құқықтарын (соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды) қатаң құрметтейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына (соның ішінде Digital Millennium Copyright Act — DMCA) сәйкес жұмыс істейді.
1.3. Платформада орналастырылған барлық бейнематериалдар ашық дереккөздерден алынған немесе үшінші тараптар (пайдаланушылар, ерікті модераторлар) арқылы жүктелген. Әкімшілік бұл файлдардың бастапқы өндірушісі болып табылмайды.
1.4. Платформа кейбір материалдарды embedding, streaming aggregation немесе publicly available source қағидалары негізінде көрсетуі мүмкін.
1.5. Платформа авторлық құқық иелерінің талаптарын құрметтейді және заңды шағымдар түскен жағдайда контентті уақытша шектеуге немесе толықтай жоюға дайын.
2. Жауапкершіліктен босату (Disclaimer)
2.1. Платформа Әкімшілігі үшінші тұлғалардың (пайдаланушылардың) сайтқа жүктеген немесе орналастырған материалдары, сілтемелері және HLS-плейлистері (.m3u8) үшін тікелей заңды жауапкершілік көтермейді.
2.2. Платформа серверлерінде авторлық құқықпен қорғалған бейнефайлдардың (мысалы, .mp4, .avi, .mkv түпнұсқалары) көшірмелері физикалық түрде сақталмауы мүмкін; Платформа тек өзге ашық серверлерден алынған бейнеағындарды (видео-стримдерді) ойнатуға арналған технологиялық құралдарды (плеерді) ұсынады.
2.3. Платформа қазақ тіліндегі бейресми (фан) дыбыстаулар мен субтитрлерді коммерциялық емес, тек мәдени-ағартушылық мақсатта ұсынады және осы арқылы түпнұсқа Контентке зиян келтіруді немесе оның нарықтағы құнын түсіруді көздемейді.
2.4. Платформада көрсетілетін кейбір постерлер, трейлерлер, метадеректер және медиа-файлдар үшінші тарап сервистерінен автоматты түрде алынуы мүмкін.
2.5. Платформа барлық материалдардың абсолютті заңдылығына немесе үшінші тараптардың әрекеттеріне толық кепілдік бермейді.
3. Авторлық құқық иелерінің шағымдарын қарау тәртібі (Take-down Notice)
3.1. Егер Сіз қандай да бір аудиовизуалды шығарманың (фильм, сериал, аниме) заңды иесі немесе оның ресми өкілі болсаңыз және Платформадағы материал Сіздің құқықтарыңызды бұзып жатыр деп есептесеңіз, Әкімшілік бұл мәселені сотқа дейінгі тәртіппен тез арада шешуге дайын.
3.2. Шағымды қарастыру және контентті Платформадан жою үшін Авторлық құқық иесі (немесе оның өкілі) Платформаның ресми байланыс мекенжайына (dmca@hdqaz.online) мынадай толық ақпараты бар ресми хат (шағым) жіберуі тиіс:
3.2.1. Құқық иесі туралы мәлімет: Заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның толық атауы, ресми мекенжайы, байланыс телефондары және электрондық поштасы.
3.2.2. Құжаттық растама: Шағымданушының аталмыш Контентке (материалға) айрықша авторлық құқығы бар екенін дәлелдейтін ресми құжаттың көшірмесі (прокаттық куәлік, лицензиялық келісімшарт, мемлекеттік тіркеу құжаты немесе авторлық құқықты растайтын халықаралық құжат).
3.2.3. Сенімхат: Егер шағымды құқық иесінің өкілі (заңгерлік компания немесе үшінші тұлға) жіберсе, оның осы әрекетке өкілеттігі бар екенін растайтын заңды күші бар сенімхат.
3.2.4. Нақты сілтеме (URL): Құқық бұзушылық орын алған Платформадағы материалдың нақты интернет-сілтемесі (мысалы: https://hdqaz.online/movie/123). Іздеу жүйесінің нәтижелері немесе жалпылама атаулар қабылданбайды.
3.2.5. Ресми мәлімдеме: «Мен көрсетілген материалдың Платформада орналастырылуы құқық иесімен немесе заңмен рұқсат етілмегеніне сенімдімін және ұсынылған барлық ақпараттың жалған еместігіне заң алдында жауап беремін» деген мәтінмен расталған келісім.
3.2.6. Әкімшілік анонимді, қорқыту сипатындағы немесе заңды дәлелдемелері жоқ шағымдарды қабылдамауға құқылы.
4. Шағымдарды өңдеу және материалдарды бұғаттау мерзімі
4.1. Осы Саясаттың 3.2-тармағында көрсетілген барлық талаптарға сай келетін ресми шағым келіп түскен жағдайда, Платформа Әкімшілігі шағымды 24 (жиырма төрт) сағаттан 72 (жетпіс екі) сағатқа дейінгі мерзім ішінде қарайды.
4.2. Шағым негізді деп танылған жағдайда, Әкімшілік даулы контентті Платформадан (Платформаның дерекқоры мен ойнатқышынан) толықтай өшіруге немесе оған Қазақстан Республикасы (немесе басқа сұратылған аймақ) аумағында қолжетімділікті бұғаттауға міндеттенеді.
4.3. Контент өшірілгеннен кейін, Әкімшілік шағым жіберушіге қабылданған шаралар туралы электрондық пошта арқылы есеп береді.
4.4. Платформа Әкімшілігі жалған шағымдарды, қажетті құжаттармен расталмаған хаттарды немесе қорқыту (бопсалау) сипатындағы хабарламаларды елемеуге және оларға жауап бермеуге құқылы.
4.5. Қайталанатын құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, Платформа тиісті аккаунттарды уақытша немесе толық бұғаттауға құқылы.
5. Құқықтық дауларды шешу
5.1. Екі тарап (Әкімшілік және Авторлық құқық иесі) барлық туындаған келіспеушіліктерді іскерлік хат алмасу және өзара түсіністік арқылы сотқа дейінгі тәртіппен шешуге күш салады.
5.2. Егер Контентті Платформадан жою құқық иесінің талаптарын толық қанағаттандырса, тараптар бір-біріне материалдық немесе моральдық зиянды өтеу туралы қосымша талап-арыз қоймауға келіседі.
5.3. Даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.
6. Байланыс ақпараты
Website:
https://hdqaz.online
DMCA:
dmca@hdqaz.online
Legal:
info@hdqaz.online
Support:
support@hdqaz.online